Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды», - деп хабарлады ведомствода.
Шахтинск және Теміртау қалаларында да жол-көлік оқиғалары болып, нәтижесінде екі адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Өткен тәулікте тіркелген басқа 19 ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.
«Қарағанды облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда, әсіресе көктайғақ кезінде сақ болуға шақырады», - деді полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына.
Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол учаскелері жабылды.
Осыған байланысты Теміртау маңындағы төлем пунктінде кептеліс пайда болды, онда 500-ге жуық автокөлік жиналып қалды.