Қарағанды облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден астам соманы құрады. Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі.
- Мұндай учаскелер өңірге және тұрғындарға пайдасын тигізуі үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайтару жұмыстары жалғасады – делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматы облысы 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарғалы отырғанын жаздық.