Оқиға «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша жолға шыққан пойызда болған. Қарағанды станциясының маңына келгенде жолсерік вагонның дәретханасында қан іздерін байқаған. Кейін ол купелердің бірінен жаңа босанған әйелді тауып алған.
Белгілі болғандай, ол вагонда босанып, көп өтпей жаңа туған баласын пойыздың терезесінен далаға лақтырып жіберген.
Нәрестенің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты полиция тергеу амалдарын жүргізуде.
– Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соның шеңберінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде, - деп хабарлады көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Өскеменнен Риддерге науқас нәрестені санавиациямен жеткізгені туралы жазған болатынбыз.