Осындай іс-шаралар Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланотпес, Есіл және Үлкенқұндыз өзендерінде өткізілді. Жалпы жарылыс жұмыстарымен 14 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды.
Сондай-ақ, өңірде су тасқыны қаупін азайту үшін 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, 10 тоннадан астам инертті материал төгіліп, 87 шақырымнан астам арықтар, 3 765 су өткізу құрылыстары тазартылды, 42 шақырымнан астам траншеялар кесілді, 11 мыңнан астам инертті материалдар салынған қаптар төселді.
Осыған дейін Қарағанды облысында борышкерлерге несиелерін өтеуге көмек көрсетілетіні туралы жаздық.