Тікелей эфир барысында 42 жастағы әйел балағат сөздер айтып, әдепсіз ым-ишаралар көрсеткен.
-Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының Шахан кентінің тұрғыны Арай Құрымбаева екені анықталды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды,-делінген хабарламада.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырады. Цифрлық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Осыған дейін Семей қаласында TikTok желісіндегі эфирде заң талаптарын бұзған әйел жауапқа тартылғаны туралы жаздық.