The New York Times газетінің мәліметінше, қазіргі уақытта шамамен 1100 ауған азаматы АҚШ бақылауындағы Қатар босқындар лагерінде орналасқан. Олардың арасында аудармашылар, бұрынғы ауған арнайы жасақ сарбаздары және америкалық әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бар.
Мақалада АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны да айтылған.
Қатар бастапқыда тек уақытша орналастыру орны ретінде қарастырылған. Алайда Трамп әкімшілігі оларды АҚШ-қа көшіруге мүмкіндік беретін бағдарламаны тоқтатқаннан кейін ауған босқындары белгісіз жағдайда қалып қойған.
Айта кетейік, БАӘ Ауғанстанға 96 тонна медициналық көмек жіберді. Қазір елде экономикалық қиындықтар мен медицинаға қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты гуманитарлық қажеттіліктер артып отыр.