Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Фото: Фото: Әлеуметтік желіден

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, деп хабарлайды Каzinform тілшісі.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем" жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.