Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
13:33, 11 Тамыз 2025
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – 11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1396-шақырымында, Осакаров ауданына қарасты Батпақты ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.
Апат салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алған.
- Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру қажеттігі ескертіледі, - делінген ҚазАвтоЖол компаниясының дерегінде.
Айта кетейік, Қарағанды маңында мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.