Қарағанды облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Фото: Есенжол Исабек

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты.

— 2024 жылғы 21 қарашада сағат 15:00–де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы — Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Компания мәліметінше, жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағандыдан Павлодарға дейін жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынғаны мәлім болды.