— 08:00-дегі жағдай бойынша барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.
— Аталған жағдай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында мың гектар аумақты өрт шарпығанын жазған едік.