Әуеден жүргізілген барлау жұмыстарына Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев және өңір әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков қатысты.
Облыстық ТЖД мәліметінше, әуеден жағдай, оның ішінде жетуі қиын учаскелердегі ахуал бағаланды. Жекелеген аумақтарда қазір жойылып жатқан оқшауланған ошақтар бар. Бұл ретте елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Әуеден жасалған барлау қорытындысы бойынша күштер мен техника қайта бөлініп, жетуі қиын учаскелерге басымдық берілді. Ошақтарды жою және аумақты бақылауда ұстау бойынша алдағы шаралар айқындалды.
Жағдай тұрақты бақылауда. Өңірдегі табиғи өрттер мен жану ошақтарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетелік Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында мың гектар аумақты өрт шарпыған еді.