Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» тас жолының 1 505-1 610 шақырымы (Сарыарқа ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы) учаскесінде автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізіліп жатыр.
Жолдың болжалды ашылу уақыты - 2 қаңтар, сағат - 13:00.
Осы сағатта Ұлытау өңіріндегі Жезқазған-Петропавл тас жолы (Ұлытау кентінен Қостанай облысы қаласына дейін) және Қарағанды облысы бойынша Екатеринбург-Алматы тас жолының 1 353-1 426 шақырымы (Ақмола облысы, Теміртау қ. ақы төлеу пункті) уақытша жабылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртау маңындағы тас жолда 50-ге жуық көлік кептеліп қалғанын жазған едік.