Жаңа көпір 4 жолақты болып, әр бағытта 2 жолақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болады.
Нысанның жалпы ұзындығы 691 метр.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200 жұмысшы мен 57 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Көпір заманауи технологиялар бойынша салынып жатыр.
Айта кетелік Өскеменде былтыр қараша айынан бері жартылай жабылған Понтон көпірі ашылған еді.