Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Меритократия қағидаты бойынша Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ардақ Төлеуханұлы Досмақов тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мәлім етті. 

Жалпы еңбек өтілі — 24 жыл. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 18,7 жыл жұмыс істейді. Еңбек жолын бас маманнан басшының орынбасарына дейін өтті.

Соңғы 5 жыл 5 айда Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы орынбасарының қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.