Қарағанды облысының тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері тегін демалысқа аттанды

Фото: Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Бүгін Қарағанды облысының 50 тыл еңбеккері мен еңбек ардагерлері "Балқаш" шипажайына емделуге кетті. Олардың басым бөлігі - 80 жас шамасындағы қариялар.

Демалушылар қатарында бұрын мұғалім, бухгалтер, құрылысшы, механизатор, кенші және т. б мамандық иелері болған зейнеткерлер бар.

Тізімдерді облыстың ардагерлер және қоғамдық ұйымдары қалыптастырды.

– Облыс әкімінің бастамасымен өткен жылдан бастап еңбек ардагерлерін Приозерск қаласындағы шипажайға жібереміз. Онда олар қажетті медициналық көмек алып, денсаулығын қалпына келтіреді. Тізімдер оларға лайықты адамдар кіретіндей етіп жасалады, – деді облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Балқаш жағалауындағы сауықтыру кешенінде заманауи медициналық жабдықтар бар, білікті мамандар жұмыс істейді.

10 күн ішінде егде жастағы адамдар процедуралардың толық курсынан өтеді. Емдеу әрқайсысы үшін жеке тағайындалады.

– Ауа-райы бүгін менің көңіл-күйімді бұза алмады. Мен сапарға аттанып бара жатқаныма шын жүректен қуаныштымын, – дейді 75 жастағы Күлпәну Мұсаинова. – Мемлекет бізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасап қатқанына қуаныштымыз. Шипажайда маған ұнайды деп үміттенемін, аздап үйренемін, жаңа таныстар пайда болады. Осы сапарды ұйымдастыруға көмектескендердің барлығына алғыс айтамын.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарт адамдар жипажайға медицина мамандарының және полицияның сүйемелдеуімен жайлы автобуспен аттанды.

Биыл 200 ардагер тегін шипажай-курорттық емдеумен қамтылды.