Қарағанды облыстық экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы болып Дулат Кәрімұлы Әшкенов тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы аппарат отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.

Дулат Әшкенов - Қарағанды облысының тумасы, екі жоғары білімі бар: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметте 14 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Әр жылдары Қарағанды облысының жол-көлік инфрақұрылымы мен жолаушылар көлігін дамыту бойынша мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

Елордада Есіл ауданы әкімінің аппаратында, қалалық ортаны қалпына келтіру басқармасында жұмыс істеді, активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында басшылық қызметтерде болды.

Содан кейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында жұмыс істеді - алдымен басшының орынбасары, 2024 жылдың мамырынан бастап қазіргі тағайындауға дейін сол мемлекеттік мекемені басқарды.

Осыған дейін өткен аптада жергілікті әкімдіктер, министрліктер деңгейінде және спорт салсында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болғанын хабарлағанбыз