Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.
— Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды. Баланы әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Осыған дейін СҚО-да 16 жасар бала қазаншұңқырға батып, көз жұмғанын жазған болатынбыз.