Қарағандыда 14 адам өрттен құтқарылды
13:10, 14 Қаңтар 2024
Қарағанды қаласында болған өрттен 14 адам құтқарылды. Kazinform бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
13 қаңтарда он қабатты тұрғынүйде электрщит подъездеріндегі 12 метр электржелісі оқшаулағышы және балалар арбасы мен велосипедтің кей бөліктері өртенген.
Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД күштері баспалдақ арқылы 14 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды.