Polisia.kz-тің мәліметінше, тексеріс кезінде жылқылардың 57 жастағы азаматқа тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмаған. Олардың жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны белгілі болды.
Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді.
Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан. Соның нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.
Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.