Қарағандыда 40 жетім бала әділдікке қол жеткізіп, баспаналы болды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағандыда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала өз үйін тапты.

Фото: gov.kz

Бұл тұрғын үй берудегі заң бұзушылықтарды анықтап, әділеттілікке қол жеткізген Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының араласуының арқасында мүмкін болды.

Прокуратураның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар пәтер беруді қамтамасыз етті.

– Көптеген бала үшін бұл жай ғана баспана кілті емес, бұл – қалыпты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі. Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр және аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала бермек, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін CҚО-да жетім балаларға тиесілі үйлерде басқа адамдар заңсыз тұрып келгенін жазған едік.