«Жауынгер-Интернационалистер көшесі бойынша диаметрі 500 мм жылу берілетін құбыржолдағы ақауды жою үшін Жауынгер-Интернационалистер, Ержанов, Ботаническая, Ермеков көшелері мен Бұқар жырау даңғылының тұтынушылары жылумен жабдықтаудың төмендетілген режиміне ауыстырылады. Ақауды қалпына келтіру жұмыстары бүгін кешке дейін аяқталады», - деп хабарлады «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін температура мен гидравликалық режим қалыпқа келтіріледі.