Қарағандыда анасы мен баласы газда қалған тамақ салдарынан өліп кете жаздады

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ құтқарушылары түтін басқан пәтерден анасы мен баласын эвакуациялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: ТЖМ

Түнде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар күйік иісін сезіп, құтқарушыларды шақыртты.

— Шақыруға өрт сөндіру қызметінің кезекші есептобы келіп, 1-қабаттағы пәтерде газда қалған тағамның жануын анықтады. Ашық от болған жоқ, бірақ түтін қатты болды. Пәтерден құтқарушылар ұйықтап қалған үй иесі мен оның 2022 жылы туған кішкентай ұлын эвакуациялады. Қауіп жойылды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған концертте 235 бала ата-анасынан адасқанын жазған едік.