Көлік апаты бүгін сағат 09.15-те болды. 15-ші магистральда «Лада Приора» жеңіл көлігі және «Ютонг» маршруттық автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Оқиғадан Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл автокөліктің жолаушысы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Жол - көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30 адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.