Оқиға гараж массивінің артындағы аумақта болған. 2
010 және 2013 жылы туған екі қыз жолды қысқартпақ болып, батпақты жерге кіріп кеткен. Соның салдарынан олар өздігінен шыға алмай қалған.
— Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел жетіп, қыздарды батпақтан аман-есен алып шықты. Кейін құтқарушылар оларды үйлеріне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.
Бұған дейін БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарғанын жазған едік.