Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері ғимаратты және оған іргелес аумақты толығымен тінтіп шыққан. Бірақ жарылғыш затты таппаған.
«Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған хабарлама берген абоненттік нөмірдің иесін анықтады. Ол медициналық мекеменің қызметкері болып шықты. Әйел телефонын палаталардың біріндегі үстелде қалдырып кеткенін айтты. Мұны пайдаланған жасөспірім бомба туралы хабарлаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.
Еске салайық, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған тұлға Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5 мың АЕК-ке (1 АЕК – 3450 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады.
Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.