Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий жүйе кіреберіс маңындағы күдікті азаматтарды тіркеп, ақпаратты автоматты түрде тиісті қызметтерге жолдайтынын айтты.
— Біз домофондарды деректер базасына қосамыз. Егер іздеуде жүрген адам домофон камерасының алдынан өтсе, жүйе оны бірден танып, полицияға сигнал жібереді, — деді Константин Ильницкий.
Бұл — өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың бірі. Бүгінде облыс аумағында шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.
Бұған дейін Астанада домофонды кірпішпен сындырып, бөтеннің көлігін бүлдірген вандалдар жазаланғаны туралы жаздық.