Қарағандыда екі автобус соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Қарағандыда екі қалалық автобус соқтығысты. Нәтижесінде 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.
Жазатайым оқиға кеше, 28 қарашада сағат 10:20-да Майқұдық шағын ауданындағы К.Маркс көшесінде болған.
«Корзина» СҮ жанында екі маршруттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан жеті жолаушы зардап шегіп, оның бесеуі медициналық мекемеге жеткізілді.Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы түсініктеме берді.
«Әртүрлі жарақаттармен 5 пациент жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді», - делінген хабарламада.
Қарағандыда екі автобус соқтығысып, 7 адам зардап шекті