Қарағандыда Халықаралық жұмысшы жастар форумы өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандағы Еңбек күні қарсаңында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қарағандыда Халықаралық Жұмысшы жастар форумы өтті.

Форумда жұмысшы жастар өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары – жалпы мыңға жуық қатысушы жиналды.

Форум жұмысына Қазақстанның ірі өнеркәсіп компанияларының сарапшылары, еліміздің өңірлерінен делегаттар, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және АҚШ-тан келген қонақтар қатысты. Спикерлер қатарында еңбек қатынастары, корпоративті коммуникациялар және гендерлік саясат саласындағы жетекші мамандар болды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шара тәжірибе алмасуға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді талқылауға, сондай-ақ кәсіпорындар, білім беру мекемелері мен жас мамандар арасында байланыс орнатуға арналған алаңға айналды.

Форумның басты мақсаты — жастар арасында жұмысшы кәсіптерін және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіби құзыретті дамыту және жас мамандар қауымдастығын қалыптастыру.

Жастардың наным-сенімі, дүниетанымы әртүрлі болса да оларды толғандыратын мәселелер ортақ. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.