Форумда жұмысшы жастар өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары – жалпы мыңға жуық қатысушы жиналды.
Форум жұмысына Қазақстанның ірі өнеркәсіп компанияларының сарапшылары, еліміздің өңірлерінен делегаттар, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және АҚШ-тан келген қонақтар қатысты. Спикерлер қатарында еңбек қатынастары, корпоративті коммуникациялар және гендерлік саясат саласындағы жетекші мамандар болды.
Іс-шара тәжірибе алмасуға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді талқылауға, сондай-ақ кәсіпорындар, білім беру мекемелері мен жас мамандар арасында байланыс орнатуға арналған алаңға айналды.
Форумның басты мақсаты — жастар арасында жұмысшы кәсіптерін және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіби құзыретті дамыту және жас мамандар қауымдастығын қалыптастыру.
Жастардың наным-сенімі, дүниетанымы әртүрлі болса да оларды толғандыратын мәселелер ортақ. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.