Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткендер ұсталды

Фото: Павлодар облыстық соты

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

47 жастағы кәсіпкер полицияға белгісіз адамдардан қысым көргені туралы шағымданған.

Оның айтуынша, күдіктілер оны және отбасы мүшелерін қорқытып, мүлкін зақымдап, 700 мың АҚШ долларын талап еткен.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

- Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде тергеу іс-шаралары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Алматыда үш күдікті әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдап, ақша бопсалаған.