Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жасөспірімнің көпқабатты үйдің төбесіне кірпіштерді қасақана қойғаны көрсетілген. Полиция жедел түрде оның жеке басын анықтады.
Бұзақылық әрекетке барған 15 жастағы қала тұрғыны ата-анасының бірімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
- Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол ішкі мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне қатысты «Кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылық жасауы» бабымен әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды, - делінген ақпаратта.
Полиция мұндай әрекеттердің жолы қатаң кесілетінін ескертеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген іс-әрекет үшін құқық бұзушылар дереу анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Айта кетейік, Қарағандыда полиция қауіпті ойын ұйымдастырған жасөспірімді іздестіріп жатыр.