Қарағандыда машина жасау зауытының шатыры өртенді

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда 'Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты' ЖШС аумағында цехтың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ТЖМ

Сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Фото: ҚР ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.