Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға 7 миллион айыппұл салынды
ҚАРАҒАНДЫ.
KAZINFORM — 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.— Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен. Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды, —делінген хабарламада.
Прокуратура дерегінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған. Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды — кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін заңсыз лотерея ойнатты деген күдікпен әнші Абай Бегейдің қызы ұсталғанын жазған едік.