Қарағандыда салынып жатқан газ тарату желілерінде жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандыда тартылып жатқан газ тарату желілерінде қоспа атылды. Жарылыс салдарынан бірнеше автомобиль зақымданды.

Фото: Видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда газ құбырының жарылғаны туралы бейне тарап жатыр. Ал қала әкімдігі бұл желілер әлі тұтынушыларға қосылмаған, құбырды тарту жұмыстары аяқталмаған деп отыр.

Осыған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ұлықбек Тұмашинов еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне газ тарту мәселесін көтерген болатын