Бас прокуратура мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасағандарын дәлелдеді. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Қазақстанда тағам, жанармай, лифтіге қатысты техникалық регламент қайта қаралады.