Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаның 16 қарашада болғанын мәлімдеді.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 40 жаста болған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жанар-жағармай желісінің директоры Айболат Жисовты өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталғанын хабарлағанбыз. Қазір тергеу жалғасып жатыр.