Қарағандыдан Павлодарға дейін жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды

Фото: Фото: Нұрболат Нұржаубай

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты.

— 2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 970-1135 шақырымы аралығында (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген компания таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 20 қарашада сағат 21:30–да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы — Шидерті ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің екі облысында көлік қозғалысы жанданды.