— Көкпекті стансасының (бұрынғы Солонички) тұрғындары елді мекенді толықтай Қарағанды қаласының қарамағына беруді көптен бері сұрап келген. Бұған дейін тұрғын үйлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданына қараса, қалған жер аумағы Бұқар жырау ауданының құрамында болған. Көкпекті стансасында 500 адам тұрады, 120 аула мен мектеп бар, — делінген хабарламада.
Қала аумағын кеңейту Қарағандының одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға, аумақты тиімді жоспарлауға және әлеуетті инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған.
Әкімшілік шекараның өзгеруі қалалық ортаны кешенді дамытуға мүмкіндік беріп, жаңа нысандар салуға, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға жол ашады.
Айта кетелік «Жезқазған – Қарағанды» тасжолы қайта жаңартылып, жоба аясында 20 көпір салынады.