Қарағандының бас шыршасының шамдары жағылды

Фото: Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағандыда жаңа жылдық мерекелер басталды — Тәуелсіздік алаңында басты шырша жағылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жүздеген балалар мен ересектер мерекенің басты нышанының маңына жиналды.

Сахнадан қарағандылықтарды Аяз Ата, Ақшақар және 2025 жылдың символы — Жасыл жылан Жаңа жылмен құттықтады.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Мерекелік шыршаны жағу рәсімімен және түрлі-түсті отшашумен аяқталды.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандылықтар бір-біріне жағымды және жақсы көңіл-күй сыйлады.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Біз жыл сайын бүкіл отбасымызбен шыршаны жағуға келеміз. Бұл әрқашан әдемі, балаларда тек жағымды эмоциялар қалады. Бағдарламалар қайталанбайды: әр түрлі қойылымдар, костюмдер, әртістер жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Бізге ұнайды. Баршаңызға жаңа жылда сәттілік, бақыт, амандық және бар жақсылықты тілеймін, — дейді қарағандылық Жансая Қалиақпарова.

Ал қарағандылық Айнұр Қанатова бұндай мерекелік кешке бірінші рет қатысып отырғанын айтты.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Ал біз мұнда бірінші рет келдік. Мен немерелеріме жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайын деп шештім. Атмосфера керемет! Ұйымдастырушыларға мың алғыс, балалар қуанып қалды! Баршаңызға зор денсаулық, жаңа бастамаларыңызға сәттілік және бейбіт аспан тілеймін, — деп толықтырды Айнұр Қанатова.

Шырша жағылғаннан кейін сахнада жергілікті музыканттар өнер көрсетті.

Қарағандылықтар ән айтып, би билеп қана қоймай, шырша мен шамдармен безендірілген фигуралардың фонында суретке түсті.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандының орталық саябағында да мерекелік атмосфера қалыптасты.

Жаңа фотоаймақтар қойылған, жарқыраған фигуралар орнатылды.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Бүгін мұнда да шыршаның түрлі-түсті шамдары жанып, мұз айдыны ашылды.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздағаны белгілі болды.