Қарағандының Шет ауданында ТЖ режимі енгізілді

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Облыс әкімдігі атап өткендей, «Шет-Энерго» «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

— Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды. «Шет-Энерго» көп жыл бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді. Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметтерінің сапасы жақсармай тұр. Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы ТЖ режимін жариялады, — делінген хабарламада.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Осыған дейін Қарағанды облысында борышкерлерге несиелерін өтеуге көмектесетіні анықталды.