Қарағанды әкімдігі ғасыр жасаған кейуананы Қарттар күнімен құттықтады
деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Әжей 103 жаста. Ол кісі жесір қалып, екі баласын өзі тәрбиелеген. Қазір бес немересінің, 10 шөбересінің және бір шөпшегінің қызығын көріп отырған бақытты әже. Қанша әжейдің айтуынша, ол кісінің ұзақ жасауының құпиясы - туған-туыстарының қамқорлығы мен ықыласында.
Әкімдік өкілдері сондай-ақ, 60 жыл отасып, биыл «гауһар тойларын» атап өткен Авдониндер отбасын да мерекемен құттықтап шықты.
Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев 80 зейнеткер тұрып жатқан Қарттар үйінде болып, қарияларды мерекелерімен құттықтады.
Әкімдіктің дерегі бойынша, бүгінде Қарағандыда 68 мың зейнеткер тұрады, оның 1440-ы - жалғызілікті қарттар.