Меморандум мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саясатын жүзеге асыруды, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қолдау көрсетуді мақсат тұтып отыр, деп хабарлайды
Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Меморандумда Қарағанды қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты тараптардың белсенді өзара әрекеттесуі туралы айтылған. Жобадан күтіліп отырған нәтиже - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеру, қала ішіндегі экологиялық жағдайды және қаланың сыртқы келбетін жақсарту. «Эфес Қазақстан» компаниясы Қарағанды қаласы үшін көптеген істерді атқарып келеді. Біз ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табыламыз. Біздің компания қарттарға, мүгедектерге, жетімдер мен спортшыларға, басқа да мұқтаж жандарға тұрақты түрде қаржылық көмегін көрсетіп келеді және де көшпелі сауда орындарын көріктендіру ісі де компанияның назарынан тыс қалдырылған емес. Қарағандының «Эфес Қазақстан» компаниясы үшін маңыздылығы айрықша. Біз қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін өзіміздің әлеуметтік белсенділігімізді ары қарай да жалғастыра бермекпіз», - деді «Эфес Қазақстан» ШС АҚ корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев.