«Ұйғарым - жолаушылар тасымалдау ережелерінің бұзылуы, бағдарлардың қозғалыс кестесінің сақталмауы және автобустардың техникалық жағдайының нашар болуына қатысты қала тұрғындарының көптеген шағымдарына байланысты ресми түсініктеме», - деді Қарағанды әкімінің кеңесшісі Руслан Телегин.
Көлік кәсіпорындары басшыларының барлығына бұзушылыққа қатысты шара қолдану және жұмыс нәтижелері туралы жазбаша хабарлау тапсырылды.
Бұл ұйғарымды ескермегендер - жүргізушілермен, кондукторлармен жұмыс істемей, автобустарды жөндемей және салондарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізбегендер қатал санкцияға ұшырайды.
«Талаптарды орындамаған жағдайда, бағдарларды субсидиялау тоқтатылып, бөлінген қаржы бюджетке қайтарылмақ», - деп хабарлады әкімдіктің өкілі.