Қатардағы сарбазды казарманың артында басқа сарбаз ұрып-соққан. Сот-медициналық сараптама қорытындысы көрсеткендей, Оңтүстік Қазақстаннан шақырылған 19 жастағы Е.Н. Жексембайдың өлімі қатты соққыдан келген. Ол әскер қатарына осы жылдың көктемінде алынған.
«Бұл оқиға біздің есеңгіретіп тастады. Бұған дейін кикілжіңді әрекеттер болған емес. Борышын өтеуші сарбазды не үшін ұрып өлтіргенін тергеу анықтайтын болады», - деп хабарлады «№ 44841 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қолбасшылылығы.
Оқиғаға күдікті ретінде Оңтүстік Қазақстан тумасы, қатардағы сарбаз ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.