Қарағандыдан Астанаға дейінгі жол бөлігіндегі Анар станциясының маңындағы жол қазірдің өзінде-ақ қарағандылық шенеуніктердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Қысқы мезгілде ол жерде қар басып қалу өте жиі орын алады, соның салдарынан облыс орталығынан елордаға өту қиындайды. Қыс айларында осы жол бөлігіне жауапты «КазахАвтоДор» компаниясының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін қосымша техника жұмылдыруды жоспарлап отыр.
- «КазахАвтоДор» Анар станциясының маңындағы жол учаскесіне қосымша 30 бірлік техника жалдайды, - деп мәлімдеді «КазахАвтоДор» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин. - Тағы қосымша олардың өздерінің меншікті 11 бірлік техникасы бар. Өткен жылы, салыстырар болсақ, шамамен жиырма бірлік техника жұмыс істеген, бірақ соның өзінде де үлгермеген. Биылғы жылы техника жеткілікті, проблемалар болмауы тиіс деп ойлаймын.
Оған қоса, облыс бойынша жалпы ұзындығы сегіз шақырым қар тоқтатқыш құрылғылар орнатылған.
Сонымен қатар өткен жұмада «КазахАвтоДор» ЖШС қарағандылық филиалының жаңа басшысы тағайындалған болатын. Ол лауазымға осыған дейін «КазАвтоЖол» АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған Айбол Бидайбеков тағайындалды.