оның сөмкесінен 9 милиметрлік «Байкал» тапаншасын тапты.
Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Мақпал Көшербаеваның айтуынша, тапанша газбен атылатын пистолеттен атыс қаруына лайықталып, жасалған. Тексеру барысында тапаншамен қоса оның 8 оқ салынған оқпаны да табылды. «Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-ші бабының
1-ші тармағы бойынша, яғни атыс қаруын заңсыз алып жүрді және сақтады, атыс қаруын дайындады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі тапаншаның қандай жолмен дайындалғандығы және оны не мақсатпен алып бара жатқандығы, сонымен қатар ұсталған әйел азамат қарым-қатынас жасайтын азаматтар тексерілуде. Бұған қоса әйелдің қандай да бір қылмыстық топтар мен діни ұйымдарға қатыстылығы да тексерілуде», деді бөлім бастығы.
Оның сөзіне қарағанда, ұсталған азаматты Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қарағанды-Сочи бағытында ұшқалы тұрған №418 әуе рейсін тіркеу кезінде арнайы келіп түскен ақпараттар негізінде қолға түсірген.