Қарағанды әуежайының жұмысы қалпына келтірілді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығынан барлық ішкі және халықаралық рейстері тоқтатылған Қарағандының «Сарыарқа» әуежайы үш тәуліктен кейін қалыпты жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайдың өндіріс бойынша директорының орынбасары Петр Ефановтың мәлімдеуінше, ұшуды жүзеге асыру үшін ауа райы бір қалыпқа келді.

«Барлық әуе рейстері кесте бойынша жүргізілуде. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ауа райы жағдайы жұмысты қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - деді П.Ефанов.

Әуежай 24 желтоқсан күні таңғы 11-де өз жұмысын тоқтатқан еді. Азаматтық авиация комитеті әуежайдың жабылу себебін қолайсыз ауа райымен, ұшу-қону жолағын мұз басумен түсіндірді.