АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі сағат 15:00-гі жағдай бойынша Қарағанды облысы аумағындағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 17-217 шақырымында жол жабық тұр.
Атап айтқанда бұл облыстың өзге республикалық жолдары қазіргі кезде ашық.
Бұдан бөлек, кешеден бері Павлодар облысы өңіріндегі боранға байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1357 шықырымындағы Екібастұз-Қарағанды облысы аралығы, «Ульянов-Керней-Баянауыл-Қалқаман» автожолының Баянауыл-Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде жол жабық тұр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.