Қарағанды дін өкілдері желідегі экстремизмнің алдын алуды қолдайды
«Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ақсақалы Мовлди Абаев жергілікті биліктің міндеті діни бірлестіктермен диалог орнату ғана емес, экстремизм қаупіне қарсы тұру екенін де атап өтті.
«Ғаламторда, әлеуметтік желілерде діни экстремизмді насихаттаудың алдын алатын жұмыс жүргізу қажет және қоғамда радикалы сипаттағы кез келген әрекетке төзбеушілікті қалыптастыру керек. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша қосымша қадамдар қабылдау керек», - деп толықтырды дөңгелек үстел қатысушылары.
Қарағанды облысы үшін діни саладағы жұмыстар айрықша мәнге ие. Өңірде 18 түрлі дін өкілдерінің 15-і қатысты.
Өңірде 21 дін бірлестік пен оның филиалдары жұмыс істейді. Оның 138-і ислам дінін уағыздайды, православие - 27, католицизм - 18, протестантизм - 127, иудаизм - 2, дәстүрлі емес - 2 бірлестік бар. Облыс аумағында 254 діни ғимарат бар: мұсылман мешіттері - 138, православ шіркеуі - 26, католик шіркеуі - 18, протестант шіркеуі - 71, иудей синагогасы - 1. Облыс аумағында 57 шетелдік миссионер өз қызметін жүзеге асыруда.
Қарағанды облысында діни экстремизмнің алдын алу бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілуде. ЖОО мен колледждерде құрылған интернет-топтар әлеуметтік желі арқылы арқылы жастарға ақпарат береді, Уатсап мессенджері қолданылады.
«Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау ішкі саясат бөлімінде алдыңғы орынға қойылған, оның арқасында ішкі саяси тұрақтылық қана емес, ел қауіпсіздігіне қол жеткізілді», - деді Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.