Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ жол», «Байтақ», «Respublica», «ҚХП» және «Ауыл» партияларының өкілдері өтті. Сайланғандар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.
Қарағанды қаласы мәслихатының жаңа құрамындағы депутаттардың орташа жасы – 44. Ең кішісі – 27, ең үлкені – 64 жаста. Төртеуі – әйел адам.
Жалпы, сайлау нәтижелерімен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен мына жерде берілген.